«Қатты қуандым»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші сұрады

Әнші Қайрат Нұртас та қызының жетістігіне қуанып, оған ақ тілегін арнады.

Қазан 28, 2026 - 16:16
 0  13
«Қатты қуандым»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші сұрады
Фото: Ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау Қайратқызы алғаш рет фильмде басты кейіпкердің рөліне түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Алау бұған дейін бірнеше сериал мен фильмге түсіп, эпизодтық рөлдерді сомдаған. Ал бұл жолы оған басты кейіпкердің рөлі бұйырған.

«Қызымыздың алғашқы туындысы. Осы уақытқа дейін Алау көптеген сериалдарға, фильмдерге түсіп жүр. Эпизодтағы рөлдерге. Ал осы жолы басты кейіпкердің рөлін сомдап шықты. Бүгін премьера. Қызымызды қолдап, құттықтап келіп отырмыз», – деді актриса.

Сондай-ақ ол қызының киноиндустрияға қадам басқанына қуанышты екенін, сонымен бірге ата-ана ретінде алаңдайтынын жеткізді.

«Өйткені енді тәй-тәй басып, киноиндустрияға кіріп жатыр. Үлкен экранға. Сондықтан ата-ана ретінде жас талантты қолдауды сұраймыз», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Әнші Қайрат Нұртас та қызының жетістігіне қуанып, оған ақ тілегін арнады. Өнер иесі Алаудың талантты актерлермен бірге фильмге түсуін үлкен қуаныш деп атап өтті.

«Қызымның мықты, дарынды актерлармен бірге киноға түсіп жатқанына шын жүрегіммен, әкелік жүрегіммен қуанып отырмын. Қызыма тілейтінім – сәттілік. Менің өнерімді әрі қарай жалғастыратын қызымның барына қатты қуанамын», – деді Қайрат Нұртас.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0