Астанадағы балабақшада бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалды

Баланың анасы балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамағанын айтқан.

Қазан 28, 2026 - 16:07
 0  9
Астанадағы балабақшада бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалды
Фото: Pixabay

Астанада балабақшада бір жарым жастағы баланың ауыр күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бір жарым жастағы бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10 пайызы үшінші дәрежелі күйік алған.

Баланың анасы балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамағанын айтқан.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, қазір зерттеліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0