Шымкенттік жаттықтырушы жарыс кезінде жас қызға қол көтерген

Сонымен қатар командадағы өзге спортшы қыздар жаттықтырушының мұндай әрекетке бұған дейін де барғанын айтқан.

Қазан 27, 2026 - 13:07
 0  10
Шымкенттік жаттықтырушы жарыс кезінде жас қызға  қол көтерген
Фото: Видеодан скрин

Волейболдан жарыс кезінде Шымкент командасының жаттықтырушысы Хамит Мырзабеков жас спортшы қызды ұрған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Баянтауда өткен волейбол жарысы кезінде болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жаттықтырушының әрекетінен кейін оған қатысты тәртіптік шара қолданылған.

Қазақстанның волейбол федерациясы ресми хатында Хамит Мырзабековтің Қазақстан чемпионаты аясындағы волейбол жарыстарына қатысуына тыйым салынғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар командадағы өзге спортшы қыздар жаттықтырушының мұндай әрекетке бұған дейін де барғанын айтқан.

Қазіргі уақытта жаттықтырушының бұдан бөлек жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпарат жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0