Астанадағы күрес әлем чемпионатының 24 қазанға арналған билеттері толық сатылып кетті
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 24 қазандағы жарыстарға билеттер бір айдан астам уақыт бойы сатылымда болған. Жанкүйерлердің қызығушылығы мен қолдауы үшін федерация алғыс білдірді.
Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының бүгінгі жарыстарына арналған билеттер түгел сатылды, деп жазады Sadaq.kz.
Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының ресми парақшасы хабарлады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 24 қазандағы жарыстарға билеттер бір айдан астам уақыт бойы сатылымда болған. Жанкүйерлердің қызығушылығы мен қолдауы үшін федерация алғыс білдірді.
Ал чемпионаттың алдағы жарыс күндеріне билеттер сатылымы жалғасып жатыр. Оларды wrestling.kz сайтынан сатып алуға болады.
Жарыстар 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.