«Бұл - үлкен жауапкершілік»: Ербол Мырзабосынов Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты туралы айтты

Қазақ палуандарының жетістіктері - еліміздің мақтанышы әрі жас спортшыларға үлгі. Біз күресті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударуды жалғастырамыз -деді Ербол Мырзабосынов. ​

Қазан 23, 2026 - 12:14
 0  8
«Бұл - үлкен жауапкершілік»: Ербол Мырзабосынов Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты туралы айтты
фото: видеодан скриншот

​ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астана қаласындағы Президент орталығында өтіп жатқан United World Wrestling-тің (UWW) кезекті конгресінде құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жиынға халықаралық ұйымның басшылығы мен Ұлттық федерациялардың делегаттары қатысты. ​Министр өз сөзінде бұл конгрестің Қазақстанда өтуі халықаралық спорт қоғамдастығының елге деген сенімінің белгісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол күрестің қазақ халқы үшін айрықша маңызына және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталды. ​

«Күрес - халқымыздың мәдениетінде тамыры терең әрі бай дәстүрі бар спорт түрі. Ол төзімділікті, сабырлықты және қарсыласқа деген құрметке тәрбиелейді. Қазақ палуандарының жетістіктері - еліміздің мақтанышы әрі жас спортшыларға үлгі. Біз күресті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударуды жалғастырамыз», - деп айтты Ербол Мырзабосынов. ​

Сондай-ақ министр алдағы әлем чемпионатын өткізудің жауапкершілігіне тоқталып, UWW президенті Ненад Лаловичке, ұйым басшылығы мен Ұлттық федерацияларға көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін алғысын білдірді. ​ Ертең

Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Қазақстан үшін бұл - үлкен жауапкершілік. Біз әлемнің ең мықты палуандарын лайықты қарсы алып, жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін бар күшімізді саламыз», - деді министр. ​

Конгрестің күн тәртібіне UWW президенті мен Бюро мүшелерін сайлау, ұйымның 2024-2026 жылдардағы қызметінің қорытындысын шығару, қаржы есебі, төрешілер мәселесі, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық және іріктеу жүйесі енгізілген. ​

Басты тақырыптың бірі - Халықаралық күрес федерациясының 2026-2032 жылдарға арналған жаңа стратегиясы болмақ. Онда жастар мен мектеп спортын дамыту, әйелдер күресінің мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, маркетинг және коммерция бағытын күшейту, сондай-ақ басқару тиімділігін арттыру қарастырылған. ​

Айта кетейік, ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0