Атырауда әйелдер дәретханасын жасырын бақылаған жігітке айыппұл салынды
Әйелдер көрші кабинадан өздеріне сығалап тұрған жігітті байқап, оның телефонға видео түсіргенін айтқан.
Атыраудағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде жігіт әйелдер дәретханасына кіріп, келушілерді жасырын бақылаған 21 жастағы жігітке айыппұл салынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 24 қазанда «Байзар» сауда орталығында болған. Әйелдер көрші кабинадан өздеріне сығалап тұрған жігітті байқап, оның телефонға видео түсіргенін айтқан. Жігіт есікті ішінен жауып алған соң, олар күзет шақырған.
Полиция жігітті бөлімшеге жеткізіп, оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғаған. Сот шешімімен ол айыппұл арқалады. Алайда оның нақты мөлшері жарияланбады.