Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды. 

Қазан 27, 2026 - 14:57
 0  5
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президентке сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері, сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыру барысы, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары туралы баяндалды.

Асламбек Мерғалиев сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қарағанын айтты. 

Азаматтық істердің саны 28,4 пайызға ұлғайып, 605 мыңнан асты. Бұған банкроттыққа, тұрғын үй және жер дауларына қатысты талап-арыздар мен келісімшарттық міндеттемелер бойынша істер санының артуы себеп болып отыр. Сондай-ақ 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелгенін жеткізді.

Кассациялық сотқа 18 мыңнан астам шағым келіп түсті. Оларды қарастыру нәтижесінде апелляциялық сатыда түзетілген сот актілерінің саны екі есе, яғни 934-тен 1704-ке дейін өсті.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өскен. 

Мемлекет басшысына сот жүйесін кадрмен қамтамасыз ету туралы мәлімет берді. 

Президент сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0