Журналист Бибігүл Жексенбай жаңа қызметке тағайындалды
2023 жылғы қаңтардан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.
Журналист Бибігүл Жексенбай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бибігүл Нұрғалиқызы 1971 жылғы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін "Құжаттандыру және консулдық қызмет" бағыты бойынша тәмамдаған. Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.
Медиа саласында 35 жылға жуық қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 1991 жылы республикалық басылымдарда журналист болып бастаған.
1996-2007 жылдары "Хабар" агенттігінде журналист, продюсер, Астанадағы Орталық бюро директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, 2008-2016 жылдары "Жетінші арна"/ "ЭРА ТВ" директорлар кеңесінің төрағасы, бас директордың орынбасары, 2019 жылы "Астана" телеарнасының бас директоры болған.
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы парламенті сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі кеңесшісі.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы парламенті сенаты төрағасының кеңесшісі.
2023-2026 жылдары – Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты.