Әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін жеңді

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Бағдат Сабаз (-67 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты. Қола жүлде жолындағы белдесуде Бағдат қарсыласын айласын асырып, 3-орын алды. 

Қазан 27, 2026 - 19:40
 0  0
Әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін жеңді
Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 3-жүлде түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Бағдат Сабаз (-67 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты. Қола жүлде жолындағы белдесуде Бағдат қарсыласын айласын асырып, 3-орын алды. 

Кеше 22 жастағы отандасымыз іріктеуде Азия чемпионы Раззак Бейшекеевті (Қырғызстан), 1/8 айналымда Абу Муслим Амаевты ұтқан. Ал ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы Саид Морад Исмаили Лейвасимен белдесіп, есе жіберді. Бүгін жұбаныш кезеңінде қытайлық Жин Шинді жығып, 3-орынға таласуға мүмкіндік алды.

Бұл - грек-рим күресінен Қазақстан командасының еншісіндегі үшінші медаль. Осыған дейін Исхар Құрбаев (-55 кг) пен Айдос Сұлтанғали (-60 кг) 3-орыннан көрінген. Осымен грек-рим күресінен бәсеке аяқталды.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0