Қазақстандықтар жүзуден әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Әйелдер арасында Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 25.97 уақыт нәтижесін тіркеп, төртінші орынмен ақтық сынға шықты.

Қазан 15, 2026 - 17:32
 0  1
Қазақстандықтар жүзуден әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазіргі таңда Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Іріктеу бәсекелерінің қорытындысы бойынша үш қазақстандық спортшы финалға өтті.

Әйелдер арасында Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 25.97 уақыт нәтижесін тіркеп, төртінші орынмен ақтық сынға шықты.

Ерлер арасында Егор Попов 100 метрді еркін стильде 47.82 секундта жүзіп өтіп, төртінші орынмен финалға өтті. Айбат Мырзамұратов 50 метрді брасс әдісімен 26.57 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ ол 200 метрге кешенді жүзуден 1:57.59 уақыт нәтижесін тіркеп төртінші сатыдан көрінді. Осылайша ол қос финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Айта кетейік, финал Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0