Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы бұл жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады.

Қараша 23, 2026 - 15:42
 0  0
Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады
Фото: ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бағдарламаның соңғы жарысы аралас командалық бәсеке болды. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Жапониямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады. Санжар Еруланұлы 100 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Асқар Біржанов үшінші орын алды.

Сондай-ақ 100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Командалық есепте Қазақстан жетінші орынға жайғасты.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0