Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетпек
17 қарашада Скотт Манн Ұлттар лигасының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, бапкермен жасалған келісімшарт осы аптаның соңында аяқталады. Екі тарап та ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті емес.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схиппен келісімшарт ұзартылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
17 қарашада Скотт Манн Ұлттар лигасының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, бапкермен жасалған келісімшарт осы аптаның соңында аяқталады. Екі тарап та ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті емес.
«Біз құраманы Еуропа чемпионатына шығара алатын, ұзақ мерзімге жұмыс істейтін жаңа бапкер іздеуді бастаймыз», – деді ҚФФ бас хатшысы.
Сондай-ақ Скотт Манн Джон ван ’т Схиптің жалақысы бұрынғы бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жалақысымен бірдей болғанын атап өтті.
Нидерландтық маман Қазақстан құрамасын 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бірде-бір рет жеңіске жете алмады. Команда Молдоваға екі рет есе жіберіп, Фарер аралдарымен екі кездесуде тең түсті. Ал Словакиямен ойындардың бірінде жеңіліп, екіншісінде тең нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Джон ван ’т Схип келгенге дейін де Қазақстан құрамасы қатарынан бес ресми матчта жеңіске жете алмаған еді. Ал 2026 жылғы наурызда Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен FIFA Series турнирінде Комор аралдары мен Намибия құрамаларын жеңген болатын. Байсуфинов ұлттық құрамадан 22 маусымда кеткен еді.