Қонаевта оқушы мектептегі баспалдақтан құлап, көз жұмды
Оқыс оқиға 16 қарашада сағат 12:30 бен 13:00 аралығында, сабақ басталмай тұрған уақытта болған.
Алматы облысының Қонаев қаласында алтыншы сынып оқушысы мектепте баспалдақтан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқыс оқиға 16 қарашада сағат 12:30 бен 13:00 аралығында, сабақ басталмай тұрған уақытта болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы мектептің үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауымен сырғанап бара жатып, тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабатқа құлаған. Бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
16 қараша күні кешке дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін ота жасаған. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, 17 қараша күні оқушы ауруханада көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.