Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев қамауға алынды – ҰҚК
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сот санкциясымен жақында ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті inbusiness.kz редакциясына мәлімдеген, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"12 қарашада аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталғанын жазғанбыз. Сондай-ақ, Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті суретке түсіп қалды.