СҚО- да 31 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді

Қайғылы жағдай Дмитриевка елді мекенінде болған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін ата-анасының үйіне барған.

Қараша 18, 2026 - 10:29
 0  2
СҚО- да 31 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді
Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында 31 жастағы ер адам өзін өртеп, қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы жағдай Дмитриевка елді мекенінде болған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін ата-анасының үйіне барған. Кейін моншада өзіне қол жұмсаған. Оқиғаға куә болған әкесі де жарақат алғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалған.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы 1995 жылы туған ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын растады.

Ал 1962 жылы туған әкесіне медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер оның екі білегінен жарақат алғанын анықтаған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0