Кувейтте қазақстандық стюардесса белгісіз дертке шалдықты
25 жастағы жолсерік Непалдан Кувейтке барғаннан кейін аурухана түскен. Алғашында бойжеткен 2 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, кейінірек жағдайы жақсара бастайды. Алайда бірнеше күннен соң денсаулығы қайта нашарлап, ес-түсін білмей, туыстарын танудан қалады.
25 жастағы бойжеткенге еліміздің дипломаттары консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Жағдайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бақылауға алды, деп жазады Sadaq.kz.
25 жастағы жолсерік Непалдан Кувейтке барғаннан кейін аурухана түскен. Алғашында бойжеткен 2 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, кейінірек жағдайы жақсара бастайды. Алайда бірнеше күннен соң денсаулығы қайта нашарлап, ес-түсін білмей, туыстарын танудан қалады.
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан дипломаттары азаматшаның емдеп жатқан дәрігерлермен байланыста.
"Қазақстандық дипломаттар азаматшаның туыстарымен және емдеуші медициналық мамандармен тұрақты байланыста. Тиісті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Бұл жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында", – делінген ведомство Baq.kz порталына берген жауабында.
СІМ мәліметінше, қазір қазақстандық дипломаттар бойжеткеннің отбасымен, емделуші дәрігерлермен байланысып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Стюардессаның қандай аурумен ауырғаны, нақты диагнозы әзірге белгісіз.
Бойжеткеннің шетелде ауырғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде де жазылды. Кейбір қолданушылардың сөзінше, рейстен кейін экипаждың басқа мүшелерінің де қызуы көтеріліп, басы ауырған. Бірақ олардың қазіргі жағдайы туралы ресми хабарланған жоқ.