Әйгілі Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесті (ВИДЕО)

Сәбидің әкесі Роналдиньоға алғысын айтып, ұлының да болашақта футболшыдай табысты әрі танымал азамат болып өсуіне тілектестігін білдірген.

Қараша 16, 2026 - 12:48
 0  0
Әйгілі Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньо Дубайда қазақтың тұсаукесер рәсіміне қатысып, сәбидің тұсауын кесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы отбасы әлеуметтік желіде бөлісті.

Дубайда жүрген Әлісламның отбасы аты аңызға айналған футболшымен кездесіп, одан ұлының тұсауын кесуді өтінген.

Сәбидің әкесі Роналдиньоға алғысын айтып, ұлының да болашақта футболшыдай табысты әрі танымал азамат болып өсуіне тілектестігін білдірген.

«Алла қаласа, ұлым сіздей ұлы әрі атақты адам болсын деп тілеймін. Сізді бүкіл әлем және Қазақстан халқы жақсы көреді, құрметтейді», – деп жазды ол.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0