«Мәңгі жүрегімдесің»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің қайтқан күніне орай құран бағыштады

Өнер иесінің жариялаған бейнежазбасы оқырмандарын бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары марқұмның рухына дұға бағыштап, Мақпал Жүнісова мен оның отбасына жылы лебіздерін білдірді.

Қараша 12, 2026 - 17:20
 0  0
«Мәңгі жүрегімдесің»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің қайтқан күніне орай құран бағыштады
Фото: видеодан скрин

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткен күніне орай әсерлі жазба жариялады. Әнші әлеуметтік желіде жұбайының көзі тірісіндегі бейнежазбасымен бөлісіп, рухына Құран бағыштаған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

12 қарашада Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болғанына 21 жыл толды. Осыған орай Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында марқұм жұбайын еске алып, оған деген сағынышын жеткізді.

«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні, топырағыңыз торқа болсын, мәңгілік жүрегіміздесіз», – деп жазды әнші.

Өнер иесінің жариялаған бейнежазбасы оқырмандарын бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары марқұмның рухына дұға бағыштап, Мақпал Жүнісова мен оның отбасына жылы лебіздерін білдірді.

«Орны толмайды, әрине, қайтесіз енді. Көңіліңізге медет тұтар Мерейіңіз аман болсын», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ал белгілі әнші Күнсұлу Тұрғынбекқызы да пікір қалдырып, «Жаны жәннаттың төрінде болсын ағаның», – деп көңіл білдірді.

Басқа оқырмандар да «Алла тағала алдынан жарылқасын», «Жаны жәннатта болсын», «Иманы саламат болсын» деген тілектерін жазған.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада Алматы қаласында 61 жасында өмірден өтті. Ол әр жылдары Алматы қаласының әкімі, Алматы облысының әкімі және Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Мемлекет және қоғам қайраткерінің қазасы сол кезеңде ел ішінде үлкен резонанс тудырған болатын.

Арада 21 жыл өтсе де, Мақпал Жүнісова жұбайын еске алып, оның рухына құрмет көрсетіп келеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0