Қарағандыда 5 жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды, сотталушылардан ортақ тәртіппен моральдық зиянды өтеу үшін 10 000 000 теңге өндіріп алу туралы шешім қабылданды.

Қараша 12, 2026 - 17:24
 0  0
Қарағандыда 5 жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлаған
Фото: Pixabay

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған К.-ға қатысты дәрменсіз күйін пайдаланып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған зорлау фактісі бойынша сотталушылар К., О., А., Ж. және С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 14 ақпанда кешкі уақытта кәмелетке толмаған жәбірленуші К. өзінің кәмелетке толмаған құрбысы Е.-мен бірге "Инфинити" түнгі караоке-клубына кірген. Онда қыздар үш сағаттан астам уақыт бойы алкогольдік ішімдіктер ішкен.

"Қатты алкогольдік мас күйде болғандықтан және осындай жағдайда үйіне қайтуға қорыққан қыздар куә И.-дің ұсынысымен оның таныстары – кәмелетке толмаған К., О., А., Ж. және С.-ның пәтеріне барған. Пәтерде сотталушы С. жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында оған химиялық заттың буын иіскеткен. Осыдан кейін кәмелетке толмаған К., О., А., Ж. және С. алдын ала сөз байласып, адамдар тобы болып әрекет ете отырып, алкогольдік мас күйіне байланысты қарсылық көрсетуге дәрменсіз болған жәбірленушінің жағдайын пайдаланып, оны зорлаған. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың көрсетулерімен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді", – деп хабарлады Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сот үкімімен К., О., А., Ж. және С. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 2 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. 2025 жылғы 23 маусымдағы "Рақымшылық жасау туралы" заңы негізінде бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылып, түпкілікті әрқайсысына 5 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 2 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды, сотталушылардан ортақ тәртіппен моральдық зиянды өтеу үшін 10 000 000 теңге өндіріп алу туралы шешім қабылданды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0