Астанада шенеуніктер ұсталды деген ақпарат тарады: Тұрғын үй маңында доллар шашылып жатыр

Әлеуметтік желіде жоғары лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы да ақпарат тараған.

Қараша 12, 2026 - 11:53
 0  3
Астанада шенеуніктер ұсталды деген ақпарат тарады: Тұрғын үй маңында доллар шашылып жатыр
фото: видеодан скриншот

Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің маңында ерекше оқиға болғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, белгісіз адамдар терезеден ішіне АҚШ долларына ұқсас банкноттар салынған чемоданды лақтырып жіберген.

Оқиға орнында шашылып жатқан ақшаның жанында арнайы форма киген адамдар тұрғаны көрінеді. Әлеуметтік желіде жоғары лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы да ақпарат тараған.

Атап айтқанда, Central Media News Telegram-арнасы мен 100Baksov Instagram-парақшасында осы оқиғаға қатысты түрлі мәлімет жарияланды.

Алайда жарияланымдарда аталған тұлғалардың ұсталғаны туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0