Астанада «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

ҰҚК мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жалғасып жатыр.

Қараша 12, 2026 - 12:12
 0  1
Астанада «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды
Фото: Pixabay

2026 жылғы 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Орыншиевті және басқа да адамдарды ұстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жалғасып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0