Астанада екі жасөспірім шатырдан құлап, қаза тапты

Астана қаласының полиция департаменті қайғылы оқиға болғанын растап, тергеу басталғанын хабарлады.

Қараша 10, 2026 - 09:35
 0  0
Астанада екі жасөспірім шатырдан құлап, қаза тапты
Фото: ЖИ

Астанада екі жасөспірім  шатырдан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға 9 қарашада кешке болған. Көпқабатты тұрғын үй маңында жедел қызметтер жұмыс істеген. Астана қаласының полиция департаменті қайғылы оқиға болғанын растап, тергеу басталғанын хабарлады.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген полицияның әлеуметтік желідегі жауабында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0