Вице-президент пен құрылтай спикері бар: Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейді

Жаңартылған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының вице-президенттері, Құрылтай төрағалары және олардың орынбасарлары, Халық Кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарлары Пантеон аумағында жерленетін адамдар тізіміне енгізілді.

Қараша 9, 2026 - 12:07
 0  0
Вице-президент пен құрылтай спикері бар: Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Үкіметтің «Ұлттық пантеон туралы ережені бекiту туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді. Соған орай Пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жаңартылған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының вице-президенттері, Құрылтай төрағалары және олардың орынбасарлары, Халық Кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарлары Пантеон аумағында жерленетін адамдар тізіміне енгізілді.

Айта кетерлігі, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуді ұйымдастыруды қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұбайының (зайыбының), жақын туысқандарының не заңды өкілінің бастамасымен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Пантеонда мәйітті жерлеу үшін мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:

– жерлеуге арналған құжаттарды ресімдеу;

– қайтыс болған (қаза тапқан) адамды жерлеу үшін пайдаланылатын қажетті атрибуттарды ұсыну;

– қайтыс болған (қаза тапқан) адамның мәйітін Пантеонға тасымалдау;

– жерлеу.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0