Қарағандыдан Ташкентке барған жас футболшылар елге оралды

Жарыс кезінде балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен болатын.

Қараша 6, 2026 - 12:49
 0  0
Қарағандыдан Ташкентке барған жас футболшылар елге оралды
Фото: Елшілік

Ташкентте ауруханаға түскен Қарағанды облысынан барған қазақстандық жас футболшылардың барлығы емделіп, елге оралды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрліктерінің бірлескен жұмысының арқасында балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі де зардап шеккендердің ата-аналарына қолдау білдіріп, ұйымдастыру және консулдық көмек көрсеткен.

Жас спортшылардың ата-аналары мен Қазақстан Елшілігі Ташкент дәрігерлеріне және жағдайды реттеуге атсалысқан барлық қызмет өкілдеріне алғыс айтты.

Айта кетейік, Қарағанды облысынан барған жас футболшылар Ташкентте өткен Dostlik Cup 2026 халықаралық турниріне қатысқан. Алайда жарыс кезінде балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен болатын.



Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0