«Біреудің әйелін тартып алу деген не сөз?»: Олжас Абай елдің сынына жауап берді

Олжас Абайдың сөзінше, Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынас ешкімнің отбасына қол сұғу арқылы басталмаған. Актер болған жағдайдың барлығы өз ретімен өрбігенін атап өтті.

Қараша 6, 2026 - 10:55
 0  3
«Біреудің әйелін тартып алу деген не сөз?»: Олжас Абай елдің сынына жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасына байланысты әлеуметтік желіде айтылып жүрген сын-пікірлерге жауап берді. Өнер иесін кейбір желі қолданушылары біреудің отбасына араласты деп айыптаған. Алайда актер мұндай пікірлермен келіспейтінін айтты. Бұл туралы Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Актердің сөзінше, «біреудің әйелін тартып алды» деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Ол Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынастың өз ретімен өрбігенін жеткізді.

«Біреудің әйелін тартып алды деген – дұрыс емес ұғым. Расымен де, ондайдан Құдай сақтасын. Біреудің әйелін тартып алсам, “тартып алдың” деп айтатын еді ғой. Болмаса, өзім де “тартып алдым” деп айтар едім. Мүлдем олай емес. Мұның барлығы өз ретімен болған жағдай», – деді Олжас Абай.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0