Түркияда мылтықпен шабуыл: 8 адам қаза тапты
Түркияның батысындағы Афьонкарахисар провинциясында қарулы шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды. Күдікті көрші провинцияда ұсталды.
Түркияның батысындағы Афьонкарахисар провинциясында бейсенбі күні қарулы адам сегіз адамды атып өлтірді. Бұл туралы BBC мен Anadolu агенттігі хабарлады.
Шабуыл қалай болды?
Шабуыл үш бөлек жерде болған: Аязини ауылы маңында үш адам, Кийир ауылы маңында тағы үш адам қаза тапты. Юкаритандир ауылында екі әйел жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Тағы бір адам ауыр жарақаттанды.
Қаза тапқандардың арасында екі мұғалім бар екені хабарланды. Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полиция іздестіріп, көршілес Ескишехир провинциясында ұстады. Шабуылдың себебі әлі белгісіз.
Түркия БАҚ-ы жариялаған бейнебақылау кадрларында қара күртеше, ақ шалбар киген, көзілдірік таққан ер адамның қызыл микроавтобустың жанында ұзын қару ұстап тұрғаны көрінген.
Афьонкарахисар губернаторлығы мәлімдеме жасап, барлық мемлекеттік мекемелер алғашқы сәттен бастап үйлесімді жұмыс істеп жатқанын айтты.