«Бәрін тастап, үнсіз қалғым келді»: Қайрат Түнтеков жан сырын ақтарды

Оның сөзінше, өмір жолында қуанышты сәттермен қатар, талай қиындықты да бастан өткерген. Соған қарамастан, әншілік өнерден біржола бас тарта алмаған.

Қараша 4, 2026 - 10:46
 0  0
«Бәрін тастап, үнсіз қалғым келді»: Қайрат Түнтеков жан сырын ақтарды
фото: видеодан скриншот

Әнші Қайрат Түнтеков әлеуметтік желідегі парақшасында өмірі мен өнер жолына қатысты жазба жариялап, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі кейде сахнадан кетіп, шығармашылықтан қол үзгісі келген кездері болғанын айтты.

Оның сөзінше, өмір жолында қуанышты сәттермен қатар, талай қиындықты да бастан өткерген. Соған қарамастан, әншілік өнерден біржола бас тарта алмаған.

Әнші сахнаның өзі үшін ерекше орын алатынын айтып, тыңдармандарының қолдауы оған әрдайым жігер беретінін жеткізді.

«Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән — менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна — менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді», – деп жазды Қайрат Түнтеков.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0