Денсаулық сақтау министрі Ақтаудағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Оның айтуынша, биыл сәуір айынан бері медицина қызметкерлеріне күш қолдану деректері бойынша Қазақстанда 50-ге жуық қылмыстық іс қозғалған.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтауда балалар хирургіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның айтуынша, биыл сәуір айынан бері медицина қызметкерлеріне күш қолдану деректері бойынша Қазақстанда 50-ге жуық қылмыстық іс қозғалған.
Министрдің сөзінше, медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында жауапкершілікті күшейтетін заң нормалары биыл сәуірде күшіне енген.
Әлназарова дәрігерлердің қауіпсіздігі мен олардың кәсіби міндетін алаңсыз атқаруына жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің өз жұмысына қатысты жауапкершілігі де назардан тыс қалмауы керегін жеткізді.
Министр Ақтаудағы оқиғаға қатысты әзірге дәрігердің әрекеті шабуылға себеп болғанын растайтын дәлел жоқ екенін айтты. Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда облыстық балалар ауруханасына баласын алып келген ер адам балалар хирургіне шабуыл жасаған. Оқиғаға баланы ауруханаға жатқызудан бас тарту себеп болғаны хабарланды.
Қазір аталған жағдайға құқық қорғау органдары құқықтық баға береді.