Ақтауға 113 капсула есірткі жұтып келген Иран азаматы сотталды

Жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып асқазанда тасымалдаған

Қараша 3, 2026 - 14:52
 0  0
Ақтауға 113 капсула есірткі жұтып келген Иран азаматы сотталды
фото: sputnik.kz

Сотталған азамат «Горган — Ақтау» бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып алған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Иран азаматы есірткі контрабандасы, сондай-ақ оларды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

— Анықталғаны 2026 жылғы мамырда сотталған азамат «Горган — Ақтау» бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып асқазанда тасымалдаған, бұл Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік айыптауды облыс прокуратурасы қолдады. Үкім заңды күшіне енді. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0