Шымкентте 22 жастағы жігіт биіктен құлап, қаза тапты

Жағдайға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Қараша 3, 2026 - 11:06
 0  1
Шымкентте 22 жастағы жігіт биіктен құлап, қаза тапты
Фото: Видеодан скрин

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан адамның денесі табылғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бейнежазбада оқиғаның Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болғаны айтылған. Сондай-ақ кадрларда полиция қызметкерлерінің келгені көрінеді.

Жағдайға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, 1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапқан.

– Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0