Қостанайда 17 миллион теңге бопсалаған екі ер адам ұсталды
28 қазанда олар 4,4 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған.
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Полиция мәліметінше, бұрын сотталған күдіктілер қыркүйек айынан бері жәбірленушіден ақша талап етіп, бермеген жағдайда күш қолданатынын айтып қорқытқан.
28 қазанда олар 4,4 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған. Тінту кезінде ақша, Kia Sportage автокөлігі мен ұялы телефондар тәркіленді.
Полиция олардың әрекеті алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған қорқытып алушылық ретінде сараланғанын мәлімдеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.