Жаңаөзенде төрт тонна мұнай заңсыз сақталған

Аталған құқық бұзушылық үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Қазан 30, 2026 - 14:03
 0  6
Жаңаөзенде төрт тонна мұнай заңсыз сақталған
Фото: Маңғыстау облыстық ПД

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында заңсыз мұнай өнімдерінің айналымына қатысты дерек анықталды. Полиция жеке базаның аумағынан төрт тонна мұнай өнімін тәркіледі, деп жазады Sadaq.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел іс-шара 21 қазанда сағат 18:10 шамасында Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке база аумағында жүргізілген. Оған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы бөлімшесінің жауынгерлері қатысқан.

Тексеру барысында құқық қорғау органдары төрт тонналық ыдысқа құйылған мұнай өнімдерін анықтап, тәркілеген.

Жаңаөзенде заңсыз сақталған төрт тонна мұнай өнімі анықталды
Фото: Маңғыстау облыстық ПД

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-1-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап мұнай өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарсыз, едәуір мөлшерде тасымалдау, сатып алу, өткізу немесе сақтау әрекеттеріне жауапкершілік қарастырады.

Аталған құқық бұзушылық үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Қазір полиция мұнай өнімдерінің қайдан әкелінгенін анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0