Қостанай облысында 5 жасар бала қаза тапты

Қайғылы оқиға 26 қазанда болған. Полиция баланың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі, яғни жас баланы өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті сол күні ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды.

Қазан 30, 2026 - 13:40
 0  4
Қостанай облысында 5 жасар бала қаза тапты
Фото: Pexels

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 5 жасар бала қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған бүлдіршіннің басы мен денесінде көптеген жарақат болған. Баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 26 қазанда болған. Полиция баланың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі, яғни жас баланы өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті сол күні ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды.

Қостанай облысының прокуратурасының оқиғаға қатысты мәліметінше, қазір баланың өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатқан көрінеді.

"Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – деп мәлімдеді прокуратура.

Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жергілікті тұрғындар баланың өліміне өз әкесінің қатысы болуы ықтимал екенін айтады. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Қостанай облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова марқұмның отбасылық жағдайына тоқталды. Оның мәліметінше, бүлдіршін балабақшаға барған, ал анасы ата-ана құқығынан айырылған. Бала көпбалалы отбасында тәрбиеленген.

"2025 жылғы 28 наурыздағы сот шешіміне сәйкес, бала әкесімен бірге тұруы керек болған. Алайда әжесі немересін бермеген. Кейін әкесі жалдаған адвокат араласқан соң, бала әкесінің қолына көшкен", – деді Несібелі Бәсенова.

Осылайша, бүлдіршін 2026 жылдың наурыз айынан бастап әкесімен бірге тұрған. Қазір құзырлы органдар отбасының бұған дейін әлеуметтік қызметтердің бақылауында болған-болмағанын анықтап жатыр. Бұл мәселеге қатысты тексеру нәтижелері әзірге белгісіз.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0