Еуропалық одақтың әскери тікұшағы апатқа ұшырап, төрт италиялық көз жұмды

Қайғылы оқиға 29 қазан, бейсенбі күні елдің солтүстігіндегі Брчко қаласына жақын аумақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, CH-47 Chinook үлгісіндегі әскери тікұшақ жоспарлы оқу-жаттығу барысында құлаған.

Қазан 30, 2026 - 13:53
 0  3
Еуропалық одақтың әскери тікұшағы апатқа ұшырап, төрт италиялық көз жұмды
Фото: klix.ba/Handout via Reuters

Босния және Герцеговинада Еуропалық одақтың EUFOR бітімгерлік миссиясына тиесілі әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан төрт Италия азаматы көз жұмып, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Al Jazeera басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 қазан, бейсенбі күні елдің солтүстігіндегі Брчко қаласына жақын аумақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, CH-47 Chinook үлгісіндегі әскери тікұшақ жоспарлы оқу-жаттығу барысында құлаған.

EUFOR миссиясының хабарлауынша, апат кезінде зардап шеккен 11 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалаған.

Италия билігі тікұшақ бортындағы азаматтардың барлығы осы елдің өкілдері болғанын растады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаза тапқан төрт адамның екеуі әскери қызметші, қалған екеуі Қызыл Крест ұйымының еріктілері болған.

Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл білдірді.

Қазіргі уақытта тікұшақтың қандай себеппен құлағаны анықталып жатыр. Италияның қорғаныс ведомствосы мен EUFOR өкілдері оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеу үшін тергеу басталғанын мәлімдеді.

Апаттың нақты себептері мен оған әсер еткен жағдайлар тергеу қорытындысы бойынша белгілі болмақ.

Айта кетейік, Еуропалық одақтың EUFOR миссиясы Босния және Герцеговина аумағында 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның негізгі міндеті – 1995 жылы Босниядағы қарулы қақтығысты тоқтатқан Дейтон бейбіт келісімінің орындалуын бақылау және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Миссия құрамында шамамен 1000–1500 әскери қызметші бар.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0