Қорғаныс министрі Каспийде қаза тапқан әскерилердің туыстарымен кездесті

Азаматтарды қабылдауға Бас әскери прокурор мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты. Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді.

Қазан 29, 2026 - 17:26
 0  5
Қорғаныс министрі Каспийде қаза тапқан әскерилердің туыстарымен кездесті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған бастамашыл топпен кездесті, деп жазады Sadaq.kz.

Азаматтарды қабылдауға Бас әскери прокурор мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.

"Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі", – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0