Ішінде әйел болған: Павлодар облысында дәретхана опырылып, жер астына түсіп кетті

Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Қазан 29, 2026 - 17:31
 0  7
Ішінде әйел болған: Павлодар облысында дәретхана опырылып, жер астына түсіп кетті
Фото: видеодан скрин

Павлодар облысында құтқарушылар жерге опырылып түскен сырттағы дәретхананы ұстап тұрып, ішінде қамалып қалған әйелді алып шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Атамекен ауылында болған.

Сырттағы дәретхана жерге опырылып, әйелдің ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама 112 пультіне түскен.

"Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері конструкцияның одан әрі құлап кетуіне жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеп, әйелді сыртқа шығарды", – деп мәлімдеді ведомство.

Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0