Ақтөбе облысындағы шахтада тағы бір жұмысшы көз жұмды

Зардап шеккен жұмысшы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Қазан 29, 2026 - 17:44
 0  6
Ақтөбе облысындағы шахтада тағы бір  жұмысшы көз жұмды
Фото: pixabay

Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында вагондарды тіркеу кезінде жұмысшы жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада бүгін болған. Зардап шеккен жұмысшы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген.

Еске салайық, 20 қазанда осы комбинаттың «Болашақ» шахтасында тағы бір жұмысшы жарақат алып, қаза тапқан еді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0