Петропавлда 16 метр биіктіктен құлаған 24 жастағы жұмысшы көз жұмды

Дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен, оның өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның басы мен ішкі ағзалары ауыр зақымданған.

Қазан 28, 2026 - 10:53
 0  3
Петропавлда 16 метр биіктіктен құлаған 24 жастағы жұмысшы көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Петропавлда салынып жатқан футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

КТК арнасының мәліметінше, жас жігіт 16 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен, оның өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның басы мен ішкі ағзалары ауыр зақымданған.

"Науқасқа жіңішке ішектің жарақатына байланысты ота жасалды. Сондай-ақ нейрохирургтер тексерді. Науқастың бас сүйегі мен миы ауыр дәрежеде жараланған. Миы қатты зақымданған, бет сүйектерінің бірнеше жері сынған. Өкінішке қарай, мұндай ауыр жарақат алған науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады",– деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы. 

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Еңбек инспекциясы құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруде.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0