Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай отырысы басталды
Президенттің Жолдауын республикалық телеарналардың тікелей эфирінен көруге болады.
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай отырысы басталды. Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы жарияланады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Отырысты Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай ашты. Жиынға депутаттар, Үкімет мүшелері, Қазақстан Халық кеңесінің өкілдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері мен еңбек өкілдері қатысып жатыр.
Президенттің Жолдауын республикалық телеарналардың тікелей эфирінен көруге болады.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте халыққа Жолдауын арнаған болатын. Онда Қазақстанды жасанды интеллект дәуіріне бейімдеу және елді цифрлық тұрғыдан жаңғырту мәселелері көтерілді.