Шымкентте тікелей эфирде жол ережесін бұзған екі жігіт қамауға алынды

Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке, ал жолаушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қазан 30, 2026 - 10:54
 0  4
Шымкентте тікелей эфирде жол ережесін бұзған екі жігіт қамауға алынды

Шымкентте әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, жол ережесін бұзған екі 18 жастағы жігіт әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция қызметкерлері Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы эфир барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, бейәдеп сөздер айтқанын анықтаған.

Құқық бұзушылар көп ұзамай ұсталды. Көлік жүргізушісі Абылайхан Баймағамбетов маневр жасау және көлікті пайдалану қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Ал жолаушы Санжар Алтынбек ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке, ал жолаушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция заң бұзушылықтардың барлығы назардан тыс қалмайтынын ескертті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0