Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

Келтірілген шығын көлемі 34 миллион теңгені құрады.

Қазан 30, 2026 - 11:11
 0  12
Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысында 400-ге жуық  мал ұрлаған  төрт күдікті адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер биыл шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданында төрт рет мал ұрлаған. Олар қоралар мен жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ малды қолды еткен.

Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алды.

Келтірілген шығын көлемі 34 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0