Алматыда жүргізушінің көлігінен есірткі табылды (ВИДЕО)
Ер адамның айтуынша, ол анаша тұтынады және табылған заттарды жеке пайдалану үшін сатып алған.
Оқиғаның мән-жайын 2026 жылғы 30 қазанда Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Абай даңғылы мен Радостовец көшесінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде күтпеген олжа анықталды: жүргізушіден өсімдік тектес зат салынған түйіншектер табылды. Алайда полицейлер негізгі заттарды көлік салонынан тапты. Онда осындай зат салынған 23 пластик ыдыс пен жеті полиэтилен пакет болған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткіге мас күйде болғанын растады", – делінген полиция хабарламасында.
Ер адамның айтуынша, ол анаша тұтынады және табылған заттарды жеке пайдалану үшін сатып алған.
"Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.