Ұлын өлтірген қызылордалық 8 жылға сотталды

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде кикілжің туған.

Қазан 30, 2026 - 12:09
 0  1
Ұлын өлтірген қызылордалық 8 жылға сотталды
Фото: Pixabay

Қанды оқиға биыл 4 шілдеде Қызылорда облысының Арал ауданында болған, деп жазады Sadaq.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде кикілжің туған.

"Отбасылық жанжал кезінде ол пышақпен ұлының кеуде тұсынан, қолының ішкі тұсынан, басынан пышақ жарақатын салып, жүрек тамырын зақымдап, соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған. ​Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

"Тұрғындардан құқықбұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауды, мұндай жағдай болған кезде құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау қажет екенін ескертеміз", - деп хабарлады прокуратура.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0