«Жаңбырдай жауған атақ»: Меруерт Түсіпбаева марапат тізімінен сызылғанын айтты

Өнер иесінің айтуынша, оны бір жауапты тұлға марапатқа үміткерлер қатарынан сызып тастаған.

Қазан 31, 2026 - 19:02
 0  25
«Жаңбырдай жауған атақ»: Меруерт Түсіпбаева марапат тізімінен сызылғанын айтты
Фото: Ашық дереккөз

Әнші Меруерт Түсіпбаева 55 жас мерейтойына орай орден алуға ұсынылып, марапаттан қағылғанын айтты, деп  хабарлайды Sadaq.kz.

 Өнер иесінің айтуынша, оны бір жауапты тұлға марапатқа үміткерлер қатарынан сызып тастаған.

«Жақында жаңбырдай жауған атақтар туралы маған көп сұрақ келді. «Қазаншының еркі бар» – менің жауабым. «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы сол кезеңде «Халық әртісі» атағына жақын еді. Өйткені ол кезде «Халық әртісі» атағын мүлдем алып тастаған болатын. Маған бұл атақ 2014 жылы бұйырды. Шүкір! Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. «Лайықсыз» деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Сіз қалай ойлайсыз? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0