Семейде облыстық сот алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
Аталған деректі облыстық полиция департаменті де растады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 30 қазан күні сағат 17:00 шамасында болған.
30 қазанда Семей қаласында облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін-өзі өртеп, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртеген. Оқиға орнына полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жедел жеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем шақырту түскен соң белгіленген уақытта жеткен. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.
Аталған деректі облыстық полиция департаменті де растады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 30 қазан күні сағат 17:00 шамасында болған.
Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.