Қызылорда облысында ұлын пышақтап өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

Әке мен баланың арасындағы тұрмыстық жанжал орны толмас қайғылы оқиғаға ұласты

Қазан 30, 2026 - 19:31
 0  1
Қызылорда облысында ұлын пышақтап өлтірген ер адам 8 жылға сотталды
фото: sputnik.kz

Қызылорда облысы Арал қаласында ұлын пышақтап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға биыл шілдеде болған. Үйдегі жанжал кезінде ашуға булыққан ер адам 42 жастағы баласына бірнеше рет пышақ салған.

Қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылды. 

"Сот үкімімен сотталушы сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", – деп хабарлады сот. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0