Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланған.

Қазан 30, 2026 - 16:10
 0  0
Астанада Есіл өзенінен  ер адамның мәйіті табылды
Фото: Видеодан скрин

Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланған. Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол – Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны.

«Есіл өзенінен мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0