Үш жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды: ҰҚК Атырауда 10 адамды ұстады

Ұсталғандар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру бойынша күдікке ілінген.

Қараша 2, 2026 - 14:56
 0  1
Үш жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды: ҰҚК Атырауда 10 адамды ұстады
фото: видеодан скриншот

2026 жылғы 30 қазанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады, деп хабарлайды sadaq.kz ҰҚК-не сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, ұсталғандар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру бойынша күдікке ілінген.

"Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген", - делінген хабарламада.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Сондай-ақ олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылған. Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0