АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ құлап, тоғыз адам қаза тапты
АҚШ Көлік министрлігінің басшысы хабарлағандай, апатқа ұшыраған бизнес-джет бортында тоғыз адам болған. Тірі қалған ешкім жоқ.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында ұшақ көшеге құлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Апат салдарынан тоғыз адам қаза тапты.
АҚШ Көлік министрлігінің басшысы хабарлағандай, апатқа ұшыраған бизнес-джет бортында тоғыз адам болған. Тірі қалған ешкім жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құлаған кезде кемінде бір тұрғын үй тіркемесін қиратып, оқиға орнында үлкен өрт пайда болған.