«Баламнан айырылып қаламын деп қорықтым»: Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адам түсініктеме берді

Ер адамның айтуынша, 19 қазанда ұлының іші қатты ауырып, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген.

Қараша 2, 2026 - 11:31
 0  1
«Баламнан айырылып қаламын деп қорықтым»: Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адам түсініктеме берді
Фото: Видердан скрин

Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған ер адам видеоүндеу жариялап, жанжалдың мән-жайын түсіндірді, деп хабпрлайды Sadaq.kz.

Ер адамның айтуынша, 19 қазанда ұлының іші қатты ауырып, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Жедел жәрдем баланы соқыр ішек деген күдікпен ауруханаға жеткізген. Әкесі дәрігерлерден баланы тексеруді талап еткен. Алғашқы талдауда лейкоцит деңгейі 21,5–22-ге дейін жоғары болғанымен, кешке қарай оларды үйіне жіберген.

Әкесінің талап етуімен қайта талдау жасалып, баланың жағдайы бақылауға алынған. Кейін хирург ота жасап, операция сәтті өткен.

31 қазанда баласының іші қайта ауырған соң, әкесі оны тағы да ауруханаға алып келген. Сол жерде бұған дейін келіспеушілік болған хирургпен кездескен. Ер адамның сөзінше, дәрігер оны мысқылдап қарсы алып, баланы қараудан бас тартуы мүмкін екенін айтқан. Осыдан кейін жанжал туындаған.

Еске салайық, Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерді мойнынан қылқындырып, шабуыл жасаған. Оны бірнеше адам әрең ажыратқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0